Біз туралы
«Қазспортинвест» АҚ 2006 жылғы 14 маусымда құрылып, (Астана қаласының Әділет департаментімен берілген 2012 жылғы 4 маусымдағы № 1460-1901-01-АО заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік) 060640003928 бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) берілген.
«Қазспортинвест» АҚ-ның жалғыз акционері мемлекет болып табылады, 100% мөлшеріндегі акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне тиесілі.
«Қазспортинвест» АҚ-ның құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға мемлекеттік лицензиясы бар (29.12.2006 жылғы № 0002190 МҚЛ лицензиясы).
«Қазспортинвест» АҚ-ның Жарғылық капиталы - 31 758 335 000 теңге.
«Қазспортинвест» АҚ-ның әлеуметтік сала объектілері жоқ.
Қоғам «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» Корпоративтік Қорының құрылтайшыларының бірі болып табылады.