Компанияның қызметі
Ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру
Мемлекеттік және әлемдік маңызы бар спорттық іс-шараларды өткізу
Консультациялық қызметтер көрсету
Компания өз клиенттеріне спорт және бұқаралық дене шынықтыру саласындағы жобаларды табысты іске асыру үшін толыққанды қолдау мен сараптамалық ұсынымдар беруге ұмтылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
Біз іс-әрекетініміздің барлық аспектілерінде ашықтықты және жауапкершілікті нығайтуды жалғастырамыз. Осыған байланысты compliance@kazsportinvest.kz және +7 771 888 50 98 Сенім Желісін ұсынамыз.
Сіз «Қазспортинвест» АҚ қызметкерлерінің іс-әрекетіндегі кез келген сыбайлас жемқорлық көріністері мен мүдделер қақтығысы туралы хабарлау үшін сенім желісін пайдалана аласыз.
Біздің мақсатымыз – барлық арыз-шағымдарға жедел жауап беру, тексеріп, тиісті шара қолдану.
Сіздің жеке өміріңіз бен қауіпсіздігіңіз біз үшін өте маңызды.
2026 жылғы 27 сәуірде «Қазспортинвест» АҚ-да «Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік: субъектілік құрам, қылмыстық процестің сатылары және бақылаудың заманауи құралдары» тақырыбында оқыту іс-шарасы өтті. Дәрістің мақсаты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарына тартылу тәуекелдері, заңнамада көзделген жауапкершілік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заманауи тетіктері туралы хабардарлығын арттыру болды.
Оқыту барысында пара алу, парақорлыққа делдал болу және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің ерекшеліктері, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету құралы ретінде цифрлық теңгені қолдану қарастырылды. Осындай іс-шараларды өткізу комплаенс мәдениетін дамытуға және Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға ықпал етеді.
2026 жылғы 3 сәуірде «Қазспортинвест» АҚ-да «ҚР Қылмыстық кодексінің 247-бабына сәйкес қызметкердің заңсыз сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауаптылығы» тақырыбында оқыту іс-шарасы өтті. Дәрістің мақсаты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және қызметтік міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 247-бабының ережелері қарастырылып, заңсыз сыйақының белгілері, заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері және заңсыз сыйақы мен сыйлықтың айырмашылықтары түсіндірілді. Іскерлік әдептің жоғары стандарттарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
2026 жылғы 3 сәуірде «Қазспортинвест» АҚ-да «Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу» тақырыбында оқыту іс-шарасы өтті. Дәрістің мақсаты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтауға және олардың жолын кесуге жәрдемдесетін адамдарды мемлекеттік қолдау тетіктері туралы хабардарлығын арттыру болды.
Оқыту барысында көтермелеудің түрлері мен оны беру шарттары, ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау критерийлері, сондай-ақ ақпараттың дұрыстығын растау және құпиялылықты сақтау талаптары қарастырылды. Осындай іс-шараларды өткізу сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға, адалдық қағидаттарын дамытуға және Қазақстан Республикасы заңнамасы мен Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтауға ықпал етеді.
«Казспортинвест» АҚ-да Іскерлік әдеп кодексі бойынша дәріс өткізілді.
2026 жылғы 16 наурызда «Казспортинвест» АҚ-ның конференц-залында «Казспортинвест» АҚ-ның жаңа Іскерлік әдеп кодексімен таныстыру» тақырыбында оқыту дәрісі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Қоғам қызметкерлерінің іскерлік әдептің қолданыстағы қағидаттары мен нормалары туралы хабардарлық деңгейін арттыру, сондай-ақ оларды барлық қызметкерлердің міндетті түрде сақтау қажеттігін түсіндіру.
Дәріс барысында Кодекстің негізгі ережелері, оның мақсаттары, қағидаттары мен құндылықтары қарастырылды. Атап айтқанда, адалдық, объективтілік, әдептілік, адалдыққа беріктік, кәсіби құзыреттілік және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби және әдепті мінез-құлық нормалары, ұжымдағы кемсітушілікке, буллингке, қысым көрсетуге, пассивті агрессияға және өзге де әдепке жат әрекеттерге жол берілмейтіні түсіндірілді.
Қызметкерлер мен басшылардың қызметтік мінез-құлқына қойылатын талаптар, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, сондай-ақ сыйлықтар мен өзге де сыйақыларды алуға тыйым салу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Дәріс барысында серіктестермен, контрагенттермен, мемлекеттік органдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидалары да қарастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға іскерлік әдеп нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайда әрекет ету тәртібі, сондай-ақ басшылықты, HR-бөлімді немесе комплаенс-офицерді хабардар ету тетіктері түсіндірілді.
Осындай оқыту іс-шараларын өткізу корпоративтік мәдениетті нығайтуға, Қоғамның іскерлік беделін сақтауға және құрметке негізделген кәсіби жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.