Хабарландырулар
2025 жылғы 19 қарашада «Казспортинвест» акционерлік қоғамында «Казспортинвест» АҚ-тың жаңа ішкі нормативтік құжаттарымен таныстыру» тақырыбында оқыту іс-шарасы өткізілді.
Оқыту «Казспортинвест» АҚ Президентінің 2025 жылғы 20 қазандағы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық фактілері және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу туралы өтініштер (шағымдар) бойынша қызметтік тексерулер жүргізу Процедурасы туралы қызметкерлердің хабардарлығын арттыруға бағытталды.
Семинар барысында қатысушылар төмендегі мәселелермен таныстырылды:
- Процедураның мақсаттары, міндеттері және қолданылу аясы;
- келіп түскен ақпаратты алдын ала тексеруге негіз болатын жағдайлар;
- өтініштерді тіркеу тәртібі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғына ақпаратты талдау рәсімдері;
- қызметтік тексеруді бастау алгоритмі және комиссияның жұмысы;
- қызметкерді хабардар ету және жазбаша түсініктеме беру қағидалары;
- дәлелдемелерді жинау және оларды бағалау тәртібі;
- қызметтік тексеру Актісін ресімдеуге қойылатын талаптар және тексеру нәтижелері бойынша қолданылатын шаралар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құпиялылық нормалары;
- тексеру материалдарын ресімдеу және сақтау талаптары.
Семинарда Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік, ішкі бақылау рәсімдерін сақтау маңыздылығы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жағдайда жедел әрекет ету қажеттілігі ерекше атап өтілді.
«Казспортинвест» АҚ комплаенс жүйесін дәйекті түрде нығайтып, процестердің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстана отырып, қызметкерлер арасында адалдық пен құқықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыруды жалғастыруда.
2025 жылғы 29 тамызда «Казспортинвест» акционерлік қоғамында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл негіздері» тақырыбында оқыту іс-шарасы өткізілді.
2025 жылғы 29 тамызда «Казспортинвест» АҚ қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталған оқыту семинары өткізілді.
Семинар барысында қатысушылар комплаенс-офицерінің мақсаттары, міндеттері мен функцияларымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ұғымдары мен түрлерімен, сондай-ақ оларды анықтау алгоритмдері мен әрекет ету шараларымен танысты.
Ерекше назар Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік қарастырылған нормаларға аударылды.
Оқыту аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды қолданудың практикалық аспектілері, соның ішінде әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шектері талқыланды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тарту бойынша өзекті статистикалық мәліметтер ұсынылды.
Қызметкерлерге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау бойынша практикалық ұсынымдар берілді.
«Казспортинвест» АҚ сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік саясатын дәйекті түрде іске асырады және корпоративтік басқарудың барлық деңгейінде адалдық, ашықтық және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап көрсетеді.
28 апреля 2025 года в акционерном обществе «Казспортинвест» проведен семинар по регулированию конфликта интересов.
В АО «Казспортинвест» 28 апреля 2025 года проведено обучающее мероприятие, посвященное регулированию конфликта интересов и выявлению коррупционных рисков.
На семинаре обсуждались практические аспекты предотвращения конфликтов интересов и способы распознавания потенциальных рисков.
Сотрудникам были предложены эффективные подходы к урегулированию подобных ситуаций, а также рекомендации по усилению контроля за коррупционными проявлениями.
28 апреля 2025 года в акционерном обществе «Казспортинвест» проведен семинар по противодействию коррупции.
В рамках программы по укреплению антикоррупционной культуры среди сотрудников, в АО «Казспортинвест» 28 апреля 2025 года прошло мероприятие на тему противодействия коррупции.
Участники ознакомились с актуальными положениями антикоррупционного законодательства, обсудили меры по предотвращению коррупционных правонарушений и важность соблюдения этических стандартов в ежедневной профессиональной деятельности.